Бала неге ауырады?

Аннотация:
Сіздің балаңыз бақытты және дені сау болуға лайық!
Неліктен кейбір балалар әрдайым қуанышты, дені сау, ал кейбірі жиі ауырып, мазасыз күйде болады? Баланың иммунитеті тек дұрыс тамақтану мен күтімге байланысты ма әлде оның психоэмоциялық күйі мен отбасындағы қарым-қатынастың әсері ме?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабын тәжірибелі дәрігер-педиатр, психолог Бибігүл Сайлауханқызы осы кітапта баяндайды. Өмірден алынған мысалдарды келтіре отырып, баланың денсаулығы мен эмоциясы арасындағы тығыз байланысты ғылыми негізде түсіндіреді. Автор ата-аналарға баланың мазасыздануы мен ауруларының жасырын себептерін анықтауға көмектесіп, ата-ананың өз ішкі күйі мен тәрбиелеу стилінің балаға қалай әсер ететінін ұғындыруға тырысады.
Бұл кітап сізге төмендегі мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Баланың сырқаттануының негізгі себептерін түсіну;
– Ата-ананың психоэмоциялық күйі мен отбасындағы атмосфераның бала денсаулығына қалай ықпал ететінін ұғыну;
– Эмоциялық байланыс орнату арқылы баланың сенімді, тұрақты және бақытты болуына жағдай жасау;
– Отбасындағы тәрбиенің кемшін тұсын зерделеу, баламен қарым-қатынасты жақсартып, сүйіспеншілік пен сенімге негізделген орта құру;
– Отбасында дұрыс құндылықтар қалыптастыру.
Бұл кітап – балаңыздың денсаулығын дәрі-дәрмексіз, қауіпсіз әрі табиғи жолмен физикалық және психологиялық тұрғыдан нығайтуға арналған практикалық құрал.
БҰЛ КІТАПТЫ ОҚЫҒАН СОҢ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?
– Балаңыздың не себепті жиі ауыратынын түсініп, иммунитетін табиғи жолмен күшейтесіз;
– Баламен қарым-қатынасыңызды тереңдетіп, оны сенімді, еркін, ақылды етіп өсіруді үйренесіз;
– Өз эмоцияңызды басқарып, балаңыздың ішкі әлеміне тұрақтылық бересіз;
– Отбасындағы жүйені өзгертіп, сүйіспеншілік пен үйлесімділік атмосферасын құрасыз.
Егер балаңыздың болашағын ойлап, оны аурудан, мазасыздықтан, өзіне деген сенімсіздіктен қорғағыңыз келсе, онда бұл кітап сіз үшін жазылған!


Бибігүл Мелдебек – өз қызметі аясында балалар денсаулығы мен отбасындағы қарым-қатынас арасындағы байланысты терең зерттеп жүрген тәжірибелі дәрігер-педиатр, білікті психолог маман. Бибігүл бала денсаулығындағы өзгерістен отбасындағы психологиялық атмосфераны көруге болады дейді. Автордың мақсаты балалардың жиі ауыруы мен мінез-құл-қындағы қиындықтың жасырын себептерін анықтауға бағытталады.