Книга "Жубаныш" - Книжное издательство Bestsellers.kz

Книга “Жубаныш”

О книге

 

Бұл кітап саналы ғұмырын отбасының, бауырлары мен жақындарының игілігіне арнаған Жұбаныш Жиенбаев жайлы. Оны кейінгі ұрпағының жақын танып-білуі мен немере-шөберелеріне үлгі ету мақсатында жазылды.

Еліміз Кеңес үкіметінен дербестік алып шыққаннан кейінгі қалыптасу жылдарында халықтың хәлі жақсы болмағаны анық. Әркім өз шама-шарқынша күн көріп, жан бақты. Осы қалыптасу жылдарында Жұбаныш ел экономикасына да өз үлесін қосқан нағыз еңбек адамы. Қиын-қыстау заманда отбасын құрып, ұл-қызын қатарынан қалдырмай өсірген қамқор әке. Ата-ана мен бірге туған бауырларына да ерекше мейірін төгіп, әрқайсысы үшін жаны күйіп тұратын бауырмал жан болатын. Кез келген адамды жанына жақын тартып, көмек қолын созуға даяр ақкөңіл жан. Қайын жұрты мен дос-жаран, көршілерге де ерекше сыйлы, құрметі жоғары еді. Бұның барлығына оның көзін көргендер куә. Кітап Жұбанышты бала кезінен таныған, өмір ағынында кездесіп, жолдас болған, өмірдің қызығы мен қиындығын бөліскен ет жақындарының естеліктері негізінде жазылды. 

Ерекше ақкөңілділігі, жаныашығыштығы мен қамқорлығы оны өзгеден ерекшелеп тұратын. Кез келген ортаның көркін қыздырып жіберетін көңілді жан еді. Осының барлығы Жұбаныштың өмірге деген құштарлығынан болса керек. Әттең, өмірді қанша сүйгенімен, ғұмыры қысқа болды. Небары 42 жыл өмір сүрді. Әйтсе де қысқа ғұмыры мағыналы, махаббатқа толы еді. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар игі ісі көп.

comments powered by HyperComments
Категория
Портфолио книг
Call Now Button